"Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдер жамағаты Наурыз тойын тойлады

"Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдер жамағаты Наурыз тойын тойлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян.

Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілейін деген шағында, қыстан аман шығып наурызды тойлайтын  халықпыз. Осындай дәстүрлі үлыс тойы Тараз қаласындағы "Кеңесхан қажы" мешітінде аталып өтті. Әз-Наурыз мерекесіне ақ жаулықты әжелер, шәкірттер мен ұстаздар, әйелдер жамағаты қатысты.

Кешті "Кеңесхан қажы" мешітінің имамы Ералы имам Құран аяттарын оқумен ашып, Наурыз мерекесімен баршаны құттықтады. Жиында дәстүріміз бойынша бесікке салу, тұсау кесер рәсімдері жасалды. Шәкірттер шума-шумақ өлеңдер оқып,  мақал-мәтел жарысы ұйымдастырылды. 

Қызыққа толы әз мереке жамағаттың ауызбіршілін арттырған-ды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: