Тұрар Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылының жаны жомарт азаматы ауылдағы тұрмысы төмен 10 мұқтаж отбасына және көршілес Көкдөнен ауылынан 5 мұқтаж отбасына азық-түлікпен қайырымдылық жасады. Бұл қайырымдылық «Байлықтың берекесі – өзгеге көмектесу» атты тақырыппен «Сүйімбай қажы» мешітінде өтті.
Қайырымдылық акциясына «Сүйімбай қажы» мешіті мен «Көкдөнен» ауылдық мешітінің имамдары және «Шуақты күн» қайырымдылық қорының жетекшісі қатысты.
Азық–түлікпен қамтамасыз етілген отбасылар қайырымды іс жасап, демеуші боп, қолдау білдірген жаны жомарт ауылдастарына ризалығын білдіріп, алғыс айтты.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі