Жуырда Шу аудандық "Жәми" мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ұлыстың мейрамы Наурыз мерекеленді. Шараның шымылдығын ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы құттықтау сөзімен ашып, шараның ойдағыдай өтуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар дәстүріміздегі дұрыс амалдарға тоқталды.
Кен дастархан басында жолыққан қыз-келіншектер мен аяулы аналар ұстаздардың уағызына құлақ түріп, асыл дініміздің қайнарына бас қойды. Өзара шүйіркелесіп, бір-бірін құттықтап, ізгі сөздерін арнады.
Бұл шара бірнеше күнге созылады деп жоспарланған дейді сектор ұстаздары.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі