#Т.Рысқұлов: Наурыз мерекесінде тал отырғызылды

#Т.Рысқұлов: Наурыз мерекесінде тал отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінде дәстүрлі мерекеміз наурыз мейрамы аталып өтілді. Мешіт ауласында мерекенің ашылуы және ауыл әкімінің құттықтауы мен ақсақалдардың бата тілегімен басталды.

Кейін мешіттің асханасында мерекелік ас наурыз көже беріліп жалғасын тапты. Екі жыл әлемді жайлаған індет себепті карантинде болып наурыз тойламаған халықтан ұлттық мерекені сағынып қалғандығы байқалды. Сонымен қатар, осы іс-шарада ауыл имамы Талғат мырза сөз сөйлеп, наурыздың шығу тарихы мен мән-маңызын баяндап берді. Айта кететін жайт, мереке қарсаңында мешіт ауласына шырша түптері отырғызылды.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: