#Т.Рысқұлов: Мектеп жастарына семинар өткізілді

#Т.Рысқұлов: Мектеп жастарына семинар өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболат мектеп жастарымен «Деструктивті діни идеялардың алдын-алу жолдары және Қазақстандық потриатизмді жастардың санасына жеткізудің өзектілігі» тақырыбында семинар өткізді.

Бұл семинар діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар Жаңатұрмыс ауылдық орта мектебінің отыз шақты оқушыларының қатысуымен мектептің акт залында өтті. Жанболат имам тақырып төңірегінде кеңінен сөз толғап, тақырыпты жастар түсінігіне сай қылып жалпақ тілде жеткізді.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: