"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің", — дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше, аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін!
Талас ауданы, Тамды ауылы "Тәңкібай ата" мешітінің ұйымдастыруымен жағдайы төмен 6 отбасыға ең қажетті деген азық-түліктерді жеткізіп берді. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Сондықтан да балалардың жанашыр қамқоршысы болу, жүрек жылуын сыйлап, сауабы мол игі іске атсалысу әрбір жанның міндеті!
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі



12 Ноябрь 2025
21 Джумада-авваль 1447

