#Жамбыл: Намаз – ең асыл құлшылық

#Жамбыл: Намаз – ең асыл құлшылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мештінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген жамағатқа мұсылман баласы үшін бес парыздың бірі болған, құлшылық – намаз турасында кеңінен уағыз-насихат айтты. Намаз – жеті қат көкте парыз етілген құлшылық. Намаз сөзі дұға, тілек деген мағынаны білдіреді. Бұл – бес рет Жаратушымен қауышу мүмкіндігі, тәулігіне бес рет көмек сұрау, жәрдем тілеу. Намаз көп уақытты немесе күш-қайрат пен қаражатты қажет етпейді. Ең бастысы – ниет пен ықылас қана. Бес минутта жасалатын бұл құлшылық – барлық ғибадаттың әмбебап жиынтығы. 

Намаздың қандай маңызды құлшылық екендігін айтқан аудан имамы, оның денсаулыққа да бірден бір пайдасы бар екендігін айта келе,  намаз тек жайнамазда жасалатын қимыл-әрекеттер емес, намаздан тыс уақыттағы адамның жүріс-тұрысымен де тығыз байланысы бар екендігін де еске салды. Құбылаға бет бұрып құлшылық еткен сияқты жүрек әр сәтте Алла Тағаланың әміріне бойұсынып тұруы тиіс. Дайлами хадис кітабында: «Алла Тағала пенденің амалын жүрегі денесімен бір болмайынша қабыл етпейді», – деген риуаят бар.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: