Жуырда Шу ауданына тағайындалған жаңа әкім Сәкен Арубаев Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев пен аудан орталығындағы «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлын арнайы қабылдаған болатын.
Қабылдауда Бахтияр Амантайұлы аудан басшысына өңірдегі діни ахуалды баяндап, атқарылған жұмыстардың жайымен таныстырып өтті. Сондай-ақ алда келе жатқан Рамазан айына және жоспарлаған істерді тілге тиек етті.
Сәкен Қаланұлы имамдарға сәттілік тілеп, жастардың жат ағымға ермеуін, қоғамдағы ізгілік пен имандылық қасиеттерін одан әрі дамыту қажеттігін айтты. Сонымен қатар өз тарапынан тиісті қолдаулар мен көмектер болатынын жеткізді.
Арнайы уақыт бөліп, жүздесуге бастамашы болған аудан әкіміне имамдар ризашылығын білдіріп, барлық шаруалар баянды болсын деп баталарын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі