Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен, әр аптаның бір күні ауданға қарасты бір мешіттің тыныс тіршілігімен танысып, ондағы жамағатпен кездесіп тұру ісі қолға алынды.
Бұл жолғы кезек, Андас батыр ауылы «Андас батыр» мешітініне түсті. Бас имам мешітті зиярат етіп, сол мешіттің жамағатымен жүздесіп қайтты.
Кездесу барысында, мешіт ахуалы талқыланып, «Дінге қызмет - әрбір мұсылманға парыз» тақырыбында уағыз айтылды. Уағыз барысында, дінге тек молда немесе имам ғана қызмет етпейді, әрбір адам өзінің қолынан келетін нәрсеменен қызмет ету керектігі айтылды. Имам, молдалар діни жоралғыларға жауапты болса, мешітке келуші жамағат сол имамға қолғабыс болып, әрдайым соның жанынан табылатын, дүниесімен немесе күш-қуатымен әрдайым имамды қолдап жүретін мұсылман болуы керек екендігі айтылды.
Уағыз соңынан намаз оқып, елімізге, жерімізге дұға жасап тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі