Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінде «Ағымдарға қарсы имунитет қалыптастыру» атты семинар өткен болды. Ауданға қарасты мешіттердің азаншы, көмекші, қарауылдары қатысқан семинарды Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жарбол Ақжігіт жүргізді.
Семинар барысында тақырып тарқатылды. Түрлі мысалдар тұздық етілді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, кеңестер айтылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі