#Шу: Бірлікүстемде берекелі жиын өтті

#Шу: Бірлікүстемде берекелі жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Шу ауданы Бірлікүстем ауылының мешітенде мағыналы жиын өткен болатын.  Осы ауылдың 1989 жылы туған азаматтары ұйытқы болуымен, мешіт жамағатының мұрындық болуымен  Алматы облысы, «Құртқа» мешітінің имамы, белгілі ұстаз Батырбек Базарбекұлы шақырылды.

Жұрт ауылдық мешітке жиылып, Б.Базарбекұлының уағызын тыңдап керемет әсерге бөленді. Көкейлерін қозғаған сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ жиын соңында жастар дүниеден озған қатарларын еске алып, арнайы ас берді. Аста қасиетті Құран аяттары оқылып, бата берілді. Ауылдың үлкендері қазақтың дәстүрімен құрметті қонаққа шапан жауып, ақ ниеттерін білдірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: