#Жамбыл: Қайырымдық жасасаң, қайырын өзің көресің

#Жамбыл: Қайырымдық жасасаң, қайырын өзің көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы  Сарысу ауданына қарасты Жайылма ауылына Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған 10 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Игі істе шет қалмайтын ауыл имамы да аталған шараға өз үлесін қосып, азық- түлікті отбасыларға үлестіруге көмектесті.

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық - адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Көмек алған отбасылар Жамбыл ауданының бас имамына  алғыстарын жаудырды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: