Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен дастархан жайылып, әйел жамағатқа дәм берілді.
Дастархан барысында ұстаздар уағыз айтып, насихат жасады. Мешітке келуші шәкірт ананың бірі кіші қажылықтан келген болатын. Сол кісі сіңілілеріне зәмзәм суынан ауыз тигізіп, ұмра сапарынан алған әсерін әңгімеледі. Бас қосу соңында дұға жасалып, жиірек жолығып тұру қажеттілігі айтылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі