Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаевтың ұйымдастыруымен «тасаттық» дастарханы жайылып, Қасиетті Құран бағышталып, Хатым түсірілді. Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқылып, құдайдан жаңбыр жаууын тілеп ниет қылады. "Тасаттық" сөзі араб тілінде құрбандық деген мағынаны білдіреді.
Сонымен қатар, аталған отырыстын аяғы қайырымдылық іс-шарасына ұласты. Барлығы 25 отбасына азық-түлік ретінде көмек көрсетілді. Оның ішінде, 25 кг ұн, 5 л май, және де 25 пакет 5кг – ет үлестірілді. Қайырымдылық көмекке барлығы 25 отбасына 625 мың теңге қаражат жұмсалды. Қайырымдылық көмекті алған отбасылар ауыл имамына өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі