#Жамбыл: Бараат түні – кешірім һәм тазару түні

#Жамбыл: Бараат түні – кешірім һәм тазару түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

, Бараат түні жайында Айша анамыз (одан Алла разы болсын) былай дейді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл түннің не түн екенін білесің бе?» – деп сұрады. Мен: «Алла және Оның елшісі жақсы біледі», – деп жауап бердім.

Сонда Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл – Шағбан айының он бесінші түні. Алла Тағала бұл түні құлдарына мейіріммен қарайды, кешірім іздеушілерге кешірім береді, кешірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Бірақ жүрегінде ашу-ызасы бар кісілерді мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды», – деді (Бәйһақи). Демек, бұл түнде Алла Тағала кейбір адамдарды бақытқа кенелтіп, кейбірін мейірімінен ұзақтатады, бірінің дәрежесін көтеріп, бірін түсіреді, біреуін сыйлыққа жетелейді, тағы бірін одан құр қалдырады. Мешіт имамы жамағаттың сауалдарына жауап берді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: