#Жамбыл: «Кемел кездесу» айлық дастарханда «Дін мен дәстүр» насихатталды

#Жамбыл: «Кемел кездесу» айлық дастарханда «Дін мен дәстүр» насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек  Жамбыл ауданы Қаратау ауылына арнайы іс-сапармен келген болатын. Кездесуде облыстың найб имамы ауыл мешітінің тез арада күрделі жөндеуден өту керектігін айтты. Қаратау ауылының мектеп бітіруші түлектері бұл істі қолға алып жатқандығын жеткізді.                                                      

Сонымен бірге, арнайы келген найб имамға арнап түлектер,  «Кемел кездесу» айлық дастарханы ұйымдастырылып, «Дін мен дәстүр» турасында кеңінен уағыз айтылды. Ислам діні әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Сондықтан ислам ғұламалары әдет-ғұрып мәселесін талдап, оның өзін жеке бір тақырып етіп зерттеген.

Дәстүрге теріс көзқараспен қарау және оны жоққа шығару тек бір ұлттың тамырына ғана балта шабу емес, дінді бұзушылық болып та табылады. Дастархан басында насихат айтқан облыстың найб имамына ауыл жамағаты көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: