Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаевтың ұйымдастыруымен иісі мұсылман баласы үшін қасиетті болған күндердің сұлтаны жұма күні «Берекелді жұма» қайырымдылық науқаны өткізілді.
Аталған науқан бес отбасына қамтыды. Барлығы тоқсан мың теңге қаражатты құрады. Игі істе шет қалмайтын мешіт жамағаты да қайырымдылық науқанында өз үлесін қосты. Азық – түлік ретінде берілген бұл қайырымдылық себеттерін алған отбасылар ауыл имамы мен мешіт жамағатына өз алғыстарын білдірді. «Қайырымдылық жасасаң – қайырың өзің көресің» - деп дана халқымыз айтқандай, қайырымды істе шет қалмайық!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі