ҚМДБ тарапынан бекітілген концептуалды құжаттар имам-молдаларға таныстырылды. Жиынға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған өңір имамдары қатысты.
Шарада І Республикалық имамдар форумында қабылданған "Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы", "Имамның тұлғалық келбеті", "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы", "Мұсылманның тұлғалық бейнесі" құжаттары, ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» қазақстан мұсылмандары рухани тұғырнамасы, "Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізімі", "Діни лауазымдар тізімі", «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған "Ас беру мәдениеті", "Зират және зиярат мәдениеті", «Зияткер имам» тұжырымдамасы түсіндірілді.
Әр құжатта жеке-жеке тоқталып мазмұны мен маңыздылығы тілге тиек етілді. Дін мамандарына аталған құжаттарды халық арасында насихаттау тапсырылды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі