#Қордай: Нұр-Мүбарак университетінің проректоры имамдарға дәріс жүргізді

#Қордай: Нұр-Мүбарак университетінің проректоры имамдарға дәріс жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымыздың сан ғасырдан бері рухани құндылығы саналатын ислам дінін насихаттауда имамдардың еңбегі зор. Дінтанушы ғалымдардың айтуынша, имам – мұсылман үмметінің ең бірінші тұлғасы, ұстазы, айнасы. Адам баласының жүрегі өмір бойы ізденіспен, жаңашылдықпен, өзгеріспен жасарып отырады. Өйткені ол – ағзадағы сана серпілісі мен болмыс өзгеруінің басты ұйытқысы. Сондықтан да біліктілікті арттырып, үздіксіз білім алу дін мамандары үшін де маңыды.

Осы мақсатта Нұр-мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев Қордай ауданының имам-молдаларына дәріс оқыды. Аят, хадистерді дұрыс түсіну, ғұламалардың талдауы, муташабиһ-мухкамаят жайлы семинарда сөз сөйледі.

Жиынға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған теріс ағыммен күрес бағытында жұмыс жүргізіп жүрген өңір имам-молдалары қатысты.

Алматыдан ат артып арнайы келген маман тақырыпты толықтай ашып, терең мағынаға, ғылымға толы іліммен бөлісті. Имамдар өз сауалдарын қойып, білімдерін пысықтады.  

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: