Қордай аудандық мешітінің ұстазы, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының аудан бойынша жауапты маманы Эльмира Есімқараеваның ұйытқы болуымен рамазан айына дайындық басталды.
Ұстаз шәкірттер мен қыз-келіншектердің білімін пысықтау мақсатында рамазан айына қатысты сұрақ-жауап сынағын жүргізді.
Рамазанда атқарылатын амалдар, ораза, намаз, тарауық сында басқа да қасиетті айдың құрметіне жасалатын әрекеттер сұралды. Көпшілік ұмыт қалғандарын есіне түсіріп, білмегендерін ұстаздың насихаты арқылы толықтырып алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі