Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доктор Қайрат Құрманбаев Қордай жамағатына дәріс оқыды.
Шам мен құптан намаздарының арасында жүргізілген дәрісте білікті маман "истиғфар", истиғфар айтудың адам баласының екі дүниесіне пайдасы турасында сөйледі.
"Ата-бабамыз қилы-қилы заманды бастан кешіп, қиындық көрсе де, небір зұлматтарға сабыр етіп, ауыртпалықтың арты жақсылық боларына үлкен үмітпен Хақ Тағалаға сыйынып, «Күніне тоқсан тоғыз пәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір Алладан» деп өткен. Жалпы қандай да бір қиындыққа тап болған жан, сабыр етіп, нәтижесін Жаратушыдан күтер болса, күнәлары үшін кешірім сұрап, тәубе етсе, арты жақсылық болып әрі сауабы артатыны белгілі" - деп көпшілікті өз-өзіне есеп беруге, истиғфар айтып жүруге шақырды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі