Жамбыл ауданы орталық «Бәйдбек» мешітінің жамағаты аудандық «Спорт кешенінде» кіші футболдан кешкі кездесу өткізді.
Мешіт жамағатының арасында болған сайысқа ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы да қатысқан болатын. Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен.
Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі