#Жамбыл ауданының имамдары жамағатқа уағыз жүргізді

#Жамбыл ауданының имамдары жамағатқа уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде құптан намазына келген жамағатқа ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Тіл тазалығы» турасында кеңінен насихат айтты.

Алла Тағаланың адамзатқа берген үлкен нығметтерінің бірі – сөйлеу қабілеті. Осы нығметке шүкір етудің абзал жолы – оны дұрыс мақсатта пайдаланып, жақсы сөз сөйлеу. Дана халқымыздың сөз қоржынында тілді бағу, пайдасыз көп сөзге салынбау тұрғысында: «Сөз қадірі – өз қадірің», «Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл», «Көп сөз көмір, аз сөз алтын» және т.б. көптеген мақал-мәтелдер айтылған.

Шынымен де, кейде дұрыс айтылған бірауыз сөз адамның қадір-қасиетін асқақтатып жіберсе, кейде ойланбай айтылған бірауыз сөз адамның бар абыройынан жұрдай етуі әбден мүмкін. Ауданның бас имамы жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы «Нұртай ата» мешітінің имамы Сабит Естеков бесін намазына келген мешіт жамағатына «өмірдің қадірі» жайында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Өмір – адам баласына берілген баға жетпес сыйлық. Тіпті, өмір адамның – нақ өзі десек те болады. Өмір жоқ болса, адам да жоқ. Бұл өмір – адам баласына бір-ақ рет берілетін мүмкіндік. Сондықтан кез  келген  адам баласы өмірін мәнді де, сәнді етіп сүруді армайдайтыны сөзсіз. 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: