Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінде шам намазына келген жастарға ауыл имамы Танатаров Ғани «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының 2-тарауынан «Рух тазалығы» тақырыбы бойынша жастарға дәріс өткізді. Адам дене мен рухтан тұрады. Рухтың қызметі ой-сана, ақыл, сезім, қиял және басқалар. Дін ғалымдары: «Рух жоғалмайды», - деген тұжырым айтқан.
Рухты жасырудағы хикмет – адамның түсініп білуге дәрменсіз екендігін, ілімнің шектеулі екендігін сынау. Міне, адам баласы барлық нәрсеге толық білімі жете бермейді. Бұл Алланың шексіз ілім иесі екендігінің айғағы. Құран Кәрімде рух сөзі Жәбірейіл періштенің аты ретінде, уахи мағынасында, жанды нәрселерге тіршілік көзі болып табылатын күш мағынасында да қолданылады. Мешіт имамы жастарға дәріс аяқталғаннан соң, сауалдарына жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі