Жамбыл ауданы Бектөбе ауылында «Бектөбе» мешітінің имамы Ғани Жанұзақұлының ұйымдастыруымен «Жалынды жастар, жұмылайық!» атты ұранмен, мешіт ауласына жас көшеттер отырғызу акциясын қолға алды. Аталған акция мешіт ауласын көгалдандыруға негізделді.
Көгалдандыру – қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін Көгалдандыру жұмыстары мекенжайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, тағы басқа қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Осы мақсатта жастардың басын қосып, Алланың үйі – мешітке тазарту жұмыстарын жүргізіп, көшет отырғызылды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі