#Жамбыл: Әйел – отбасының берекесі

#Жамбыл: Әйел – отбасының берекесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылында «Махат ата» мешітінің имамы Еркендір Шаршенұлы әйел кісілермен «Әйел – отбасының берекесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Әйел – Ана, әйел – жар, әйел – отбасының ұйытқысы. Ер азамат үйдің егесі болса, әйел – үйдің шегесі. Бұл дәлелдеуді қажат етпейтін ақиқат. Бұрынғы жаугершілік заманда керек десеңіз, кейбір қазақ әйелдері ерлермен бірдей атқа қонып, қолына қару алып жауға қарсы соғысқан.

Шындығында, әйел - отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. «Әйел - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген де соны білдірсе керек. Дөңгелек үстелге қатысқан әйел кісілермен пікір алмасқан ауыл имамы, олардың отбасына бақыт пен береке тілеп, сұрақтарына жауап берді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: