Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы Шу өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан «Жылғабек» атындағы жаңа мешіттің құрылысымен танысты.
Ел игілігіне берілуге аз қалған Алла үйінде Бейбіт қажы Әліпбекұлына ауыл имамы Әбусейіт Қоспанов пен ауыл ақсақалдары жұмыстың жайын айтып, атқарылған жұмыстарды мәлім етті. Өз кезегінде бас имам кеңесін беріп, жұмыстарға табыс тіледі.
Алтын уақытын қиып, ауылға келген облыстың бас имамына ауыл үлкендері алғысын айтып, батасын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі