#Шу: Аудан орталығындағы мешіттің ахуалын білді

#Шу: Аудан орталығындағы мешіттің ахуалын білді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына келген Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлының жұмыс сапары аудан орталығындағы «Төле би» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысумен жалғасты.

Онда облыстың бас имамы мешітте жүргізілген жөндеу жұмыстарын көріп, атқарылған істермен танысты.  Сондай-ақ осы мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлының жұмыс жоспарын білді. Мешіт имамы алдағы уақытта мешіттің баспалдағы мен асханаға жөндеуге ниеттеніп отырғандығын айтты.

Өз кезегінде Бейбіт қажы Әліпбекұлы барлық бастама оң болсын деп батасын беріп, мешіт имамының жұмысына жақсы деген баға берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: