Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлының Шу ауданына жасаған сапары барысында түрлі іс-шаралар өткізілді. Сондай шаралардың бірі Төле би ауылындағы «Төле би» мешітінде өтті.
Онда облыстың бас имамы түрлі ұлттың тағдыры тоғысқан Төле би ауылының тұрғындарымен кездесіп, бірлік пен ынтымақ турасында әңгіме өрбітті. Осы жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Аймамбетов пен ауданның бас имамы Б.Әміреев те қатысқан болатын. Бір елде өмір сүріп жатқан барша ұлт пен ұлысқа ынтымақ, қандай да болсын діни рәсім болса мешіт имамдарының қатысуымен өткені дұрыс деген Бейбіт қажы Әліпбекұлына «Төле би» мешітінің ардагер ұстазы, ардақты ақсақалы Мұстафа қажы Жалалиев батасын беріп, ізгі ниетіне ортақ екенін айтты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі