#Шу: Облыстың бас имамы орталық мешітпен танысты

#Шу: Облыстың бас имамы орталық мешітпен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев өзінің орынбасарларымен бірген Шу ауданына жасаған сапары барысында бірқатар шараларға қатысты. Солардың ішінде аудандық «Жәми» мешітіне бас сұғып, оның тыныс тіршілігімен танысты. Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, өзінің оң бағасын берді.

Сонымен қатар ауданның бас имамы Бахтияр Әміреев облыстан келген мейманға жоспарлаған жұмыстарын баяндап, алдағы атқарылатын  шаруалардың жайын жеткізді. Оның ішінде асхана мен мешіт ішіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мешіттің кілемдері ауыстыралытының айтты.

«Жас келсе іске деген. Айналасы жарты жылдың ішінде көптеген істер жасалғанына куә болып тұрмын. Жөндеу жұмыстарынан кейін аудандық мешіт ажарланып кеткен екен. Алдағы іске Алла сәтін салсын»-деді облыстың бас имамы Б.Мырзагелдиев.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: