Бүгін Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы өзінің бірінші найб имамы Нұралы Бақытұлы, найб имам Жарбол Ақжігітовпен бірге Шу ауданына арнайы сапармен келді.
Сапар аясында Бейбіт қажы Әліпбекұлы Шу аудандық «Жәми» мешітінде ауданға қарасты қала және ауыл имамдары бас қосқан «Тәрбие-тал бесіктен басталады» атты семинарға қатысты. Семинарда облыстың бас имамы жастар тәрбиесі, ауыз біршілік туралы айтты. Сондай-ақ қаңтар оқиғасынан ой түйіп, тәрбие ісіне имамдар белсене араласу қажет деді құрметті қонақ.
Шара соңында сұрақтарға жауап беріліп, жұмысты жандардыру жайлы тапсырма берілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі