#Шулық имамдар игілік жолында

#Шулық имамдар игілік жолында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық жасаудан қанаты талмай, қайта құштарлана түсетін Шу ауданына қарасты қала және ауыл мешіттерінің имамдар қайырымдылық жасады. Бұл істің бұрынғыларынан өзгешелігі мешіт қызметкерлері 200 мың теңге қаржы жиып, 20 азық-түлік себетін осынша отбасыға таратуға ұйытқы болды.

«Берекелі жұма» акциясы аясында өткен шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы қатысып, алынған азық-түлік себеттерін әлеуметтік осал топтың өкілдеріне таратты. Аудандық «Жәми» мешітінің ауласында өткен игі шарада облыстың бас имамы  сабырлық турасында уағыз айтып, көмек алушыларға қолдау көрсетті. Сондай-ақ сауапты іске ұйысқан имам-молдаларға алғысын білдірді.

Өз кезегінде қажетті қорға қол жеткізген отбасылар да ризашылықтарын білдіріп,  жылы тілектерімен бөлісті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: