#Қордай: 22 отбасыға сиыр еті үлестірілді

#Қордай: 22 отбасыға сиыр еті үлестірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды» деп баяндалады.

Осындай қайырымылықты үзбейтін бірден-бір орын - Алланың жердегі үйі, мешіттер.

Бұған тағы бір дәлеліміз Қордайдағы мұқтаж жандардың мұқтаждығын өтеген игі шара. Бетқайнар ауылдық мешітінің имамы Нұрлан Жиенбаевтың ұйытқы болуымен ірі қара мал алынып, еті 22 отбасыға таратылып берілді. 

Жанұялар разылықтарын айтып, шүкірліктерін жеткізді. Айта кетейік, қайырымдылыққа алынған ірі қараға 350 000 теңге жұмсалған болатын. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: