Меркі ауданына арнайы іс-сапармен келген Ризабек Батталұлы «Жақсымбет» мешітінің жамағатымен кездесті.
Ризабек Батталұлы уағызға жиналғандарға «Пайғамбарды жақсы көру» жайында уағыз айтып, кеңінен түсіндірді. Әр бір адам Алла Тағаланы және пайғамбарын с.а.с өзінен, отбасынан және бүкіл барлық нәрседен артық жақсы көрмейінше иманның дәмін сезіне алмайтындығын атап өтті.
Жиналған қауым ұстаздың уағызына тәнті болып, алғыстары білдірді. Уағыз соңында естелікке жамағатпен суретке түсіп тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі