Қордай ауылы "Ар-Рахман" мешітінде өңір жамағаты Нұр Мүбәрак Египет ислам университетінің ұстазы Оралхан Сейдмановпен кездесті.
Білікті маман "Сүннетті дұрыс ұстану" тақырыбында әсерлі уағыз жүргізді. Сүннет жайлы, сүннет жолымен жүру, сүннет түрлері туралы толыққанды ақпарат беріп, көпшілікің көкейкесті сауалдарына жауап берді.
"Сүннет – қасиетті Құранның түсіндірмесі, Жаратушы үкімінің өмірде нақты іске асу қалыбы. Басқаша айтсақ, Құран үкімдері – теория да, сүннет – практика. Құран – үкім, Сүннет – дұрыс түсінік әрі осы түсінік-білім негізінде үкімді іске асыру," - деп атап өтті.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі