Тазалық- мұсылмадар үшін маңызды. Ол иманның жартысына саналады. Қыс бітіп, көктем жеткендегі тазалық жұмыстарын жүргізу ерекше көңіл күй сыйлайтын жұмыс.
Жуырда Шу ауданы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының бастамасымен жамағат мешіттің айналасын ретке келтіріп, қоныстарды шығарып, қураған шөптерді өртеді.
Айналасы аз уақыт ішінде мешіт маңы мунтаздай болып шыға келді. Құлшынып жұмыс істеген жамағатқа мешіт имамы алғысын айтып, дұға жасады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі