Асыл дініміз Ислам адамзаттың тура жолы екені анық. Ол туралы Алла Тағала қасиетті Құранда: Сені әлемдерге рахмет етіп жібердік деп Ардақты Алла елшісіне (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлкен міндет жүктеген.
Жуырда Шу ауданы "Тоғай" мешітінде тамаша отырыс болды. Онда өзге ұлттың жігіті кәлима айтып, мұсылман болды. Сонымен қатар өзіне Омар деген атты алды. Мешіт жамағаты осы оқиғаның құрметіне дастархан жайып, имам Мағжан Мұратұлының уағызын тыңдады. Ақиданы арнау еткен уағызды жиналғандар ұйып тыңдады.
Сонымен қатар мешіт ақсақалдары Омарға өсиет айтып, батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі