#Шу: Қайырымдылық қаперден шықпайды

#Шу: Қайырымдылық қаперден шықпайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда мешіттер мейірлі істердің ұйытқысына айналып, ұдайы қайырымдылық жасап келеді. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да жақсылық жасап, қоғам назарын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бұрып келеді.

Таяуда Шу ауданы "Әбу Бәкір ас-Сыдық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов  1 отбасыға азық-түлік себетін алып, жамағат жинап берген 21 мың теңгені тиімді жұмсап, қала тұрғынын қажетті қормен қамдады.

Ал, Жаңа жол ауылындағы "Күнту баба" мешітінің имамы Берік Әуесбаев үйі өртеніп кеткен отбасыға 2 кілем сыйлады. Жәрдем алғандар ризашылық білдіріп, рақметтерін айтты

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: