#Т.Рысқұлов: Рысқұлов бас имамы Жаңатұрмыс ауылында жұма намаз өткізді

#Т.Рысқұлов: Рысқұлов бас имамы Жаңатұрмыс ауылында жұма намаз өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

       Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінде жұма намазын өткізді. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тапсырмасы бойынша аудан бас имамдары ауыл мешіттерін аралап жұма намаздарын өткізуде. Бас имам «Қожай баба» мешітінің жамағатына «Жақсылық та жамандық та бір Алланың бергені» атты тақырыпта уағыз-насихат жасады.

   Бас имам уағыз барысында: "Алла Тағаланың құдіреті арқылы жер бетіндегі әрбір нәрсе жұп-жұбымен жаратылған. Жақсылық пен жамандық ұғымдары да бір‑біріне қарама‑қайшылық жұп. Дегенмен, олардың жұптық қасиеті болған соң, әркез бір‑бірін толықтырып отыратын хикметі бар. Жамандықтың бет‑пердесін жақсылық, жақсылықтың мәнін жамандық ашады. Адамдардың дәрежесі Алла құзырында да жақсы не жаман амал жасауына байланысты. Егер мұндай айырмашылық болмаса, барлығымыз бейне бір періштедей күнәсіз болып, дүниелік сынақтың ешқандай да маңыздылығы қалмас еді. Тағдыр дегеніміз – араб тілінде «қадар» деген сөзден шыққан. «Өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» деген мағынаны білдіреді. Ал, ша­ри­ғат­ термині бойынша Алла Тағаланың әу ба­ста болатын бар­лық нәрсені жа­рат­па­стан бұ­рын шек­сіз ілі­мі ар­қы­лы ег­жей-тег­жейіне дейін білуін және оларды бел­гі­лі бір өл­шем­ге қа­рай реттеуін, жүйе­леуін, арнайы бел­гі­леуін «тағ­дыр» дей­міз," - деп уағызын қорытындылады.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: