#Меркі ауданы: ҚМДБ құжаттары насихатталды

#Меркі ауданы: ҚМДБ құжаттары насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданына қарасты имам-молдаларды ҚМДБ-ның республикалық Имамдар форумында қабылдаған құжаттармен таныстырды. Және де ол құжаттармен жақсы танысып, халыққа насихаттауға шақырды.

Семинарға жергілікті имам-молдалар және ЖАНТ мүшелері қатысты. Имам-молдаларға ҚМДБ тарапынан қабылданған «Жеті рухани қазық», «Ас беру мәдениеті», «Діни рәсімдер», «Имамның тұлғалық бейнесі» және тағы басқа құжаттармен таныстырды.

Бас имам ЖАНТ мүшелеріне арнайы тапсырма беріп, бұл бекітілген құжаттарды халық арасында кеңінен насихаттауды бұйырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: