Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Жандос Жұмағұлов пен мешіт жамағатының ұйымдастырумен дәретханада қысқа дайындық жұмыстары жүргізілді. Дәретханаға арнайы сөрелер орнатылды. Ыстық сумен қамтамасыз етілген дәретханаға арнайы постерлер мен дәрет алу үлгісі де жабыстырылды. Аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешіт жамағаттарына өз алғысын білдірді.
Асыл дініміз барша адамзат баласын ең алдымен тазалық пен пәктікке шақырады. Жанымыз бен тәніміздің, сөзіміз бен ісіміздің тазалығы дінімізде үлкен рөл атқарады. Жаратқан иемізге жалбарынып, құлшылық жасаудың алдында да дәрет алып тазаланамыз. Дәрет алуға, тазалануға жеңіл қарауға болмайды. Дәретті араб тілінде «удуъ» деп атайды. Тазалық, әдемілік деген мағыналарды білдіреді.Дәрет – намаздың кілті, намаз – жәннаттың кілті- деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисте. Міне, осы хадис арқылы біз дәреттің қаншалықты маңызды екендігін түсінеміз, дәрежесін барынша айқындаймыз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

