#Шу: Мәуліт мерекеленді

#Шу: Мәуліт мерекеленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отбасы ошағы, жанұя жылуы саналатын нәзік жандылардың қоғамда алар орны ерекше. Сондай-ақ оларға Ислам дінінде де тиісті дәрежелер берілген.  Біз оны қасиетті Құран мен саф сүннеттегі сүйекті дәлелдерден аңғарамыз. Әйелдерге деген қарым қатынаста негізгі өнегені Алла елшісінен аларымыз сөзсіз. Ал, Пайғамбарымыз Мұхаммедті (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) біз жақындарымыздан, жанымыздан, малымыздан артық сүйіп, бұйырғанына бағыну керекпіз.

Алла Елшісі өмірге келген айда өңірімізде көптеген шаралар өтіп, көкейге қонымды істер атқарылуда.  Осы айдың аясында жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Сағындық сені Расулуллаһ» атты мәуліт мерекесі өткен болатын. Аталған шараға арнайы қонақ ретінде қордайлық ұстаз  Есімқараева Эльмира Аманқожақызы шақырылып, қыз-келіншектерге Пайғамбарымызды сүю, оны құрметтеу турасында уағыз-насихатын арнады.

Шара барысында уағыз айтылып,  викториналық сұрақтар қойылып, ойындар ұйымдастырылды. Тапқырлық танытып, озық шыққандар ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтарға ие болып, марапатталды.

Сондай-ақ Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы аталған сектор мұрындық болған жүздесуге келіп, өзінің қолдауын білдіріп, сәттілік тіледі. Қызықты әрі ғибратты өткен басқосуда қатысушылар рухани толысып, құрбыларша шүйіркелесіп, жасап қалғандығын жеткізді. Мұндай мәжілістің маңызы зор екендігі айтылып, алдағы уақытта ұйымдастырылып тұрса деген тілек білдірді.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: