#Жамбыл: Ұлттық құндылықтар насихатталды

#Жамбыл: Ұлттық құндылықтар насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық  Өнер мектебінде Дін саласындағы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Ризабек Батталұлы жұмыс сапарымен келіп, аудан жұртшылығымен жүздесті. Жиынды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Самбетов ашып, жүргізіп отырды. Келелі кездесуде имани тәрбие, ұлттық құндылық жайында насихаттар айтылып, діни-ақпараттық түсіндірме жұмыстарының маңыздылығы айтылды.          

Тарихқа үңілер болсақ әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеу тәсілі болатынын білеміз. Халық тәрбиесі – ғасырлар бойы сараланып сан сыннан өткен, сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәләм-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағылымы, ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ал ол жазу-сызудан, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен, ұлттық өнер тағылымынан, халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрпынан, бір сөзбен айтқанда мәдени мұраларынан өзекті орын алып, көрініс береді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: