Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) былай деп айтқанын естіген: «Екі көзге тозақ оты тимейді: Алладан қорқып жылаған көз және Алла жолында түнімен күзеткен көз». Бұл хадисте Отанның тыныштығын күзеткен барша жандар қамтылған деп білеміз. Солардың ішінде шекара қорғаушылары кіретіні сөзсіз.
Осыған орай, Шу ауданы Ақсу ауылдық округі «Баласағұн» мешітінің имамы Байұзақ Жаманкеев Қырғыз Республикасымен шектесетін тұста орналасқан шекара заставасына барып, сарбаздармен кездескен еді. Кездесу барысында Мәуліт айының маңызы туралы түсіндіріліп, Алла Елшісінің өмірбаянынан үзінді келтірді. Жауапты әрі сауапты іс атқарып жүрген сарбаздарға сәттілік тілеп, Жаратушыдан жәрдем сұрап дұға жасады.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі


07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

