#Шу: Сауапты іс сарқылмайды

#Шу: Сауапты іс сарқылмайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымыз қашанда қайырым жасаудан қалысқан емес.  Аллаға және ақырет күніне кәміл сенгендер өздеріңе берілген мал-мүліктен садақа беріп, сауапты көздеп жүреді.  Бүгінгі таңда да қайырымдылық шаралары кең ауқымда жүргізілуде.  Бірі атын атағанды жөн санамайтын, бірі рияға ұшырап кетуден сақтанатын жомарт жандар  көптігі бізді қуантады.

Сондай-ақ сахи жомарттар Шу ауданында да жетіп артылады.  Жуырда Еңбекші  ауылдық мешіттің имамы Данияр Исаковтың ұйымдастыруымен демеушілердің 1 бас уақ малы сойылып, оның еті  3 отбасыға табысталған болатын.  Жұмсалған қаражат 35 мың теңгені құрайды. Сол сияқты Шу ауданы «Кәрібай молда» мешітінің қызметкерлері  1 қойдың етін 3 отбасыға таратып, ризашылықтарын алды.

Ал, Шу ауданы «Айтқұл баба» мешіті имамы Бахтияр Нармұханов  қайырымды  жандардың  берген 25 мың теңгесіне 4 отбасыға талғажау етерлік азық-түлік себеттерін  үлестірді.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу аудандық  «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: