Тараз қаласы «Әл-Фирдаус» мешіті имамы Кенжемолдаев Алмас қаланың шалғай өлкелерінде орналасқан мешіттерге жаңадан тағайындалған үш имамға қаржылай көмек көрсетті.
Алла Тағала "Әл-Имран" сүресінің 110 аятында: «Сендер (уа, мұсылмандар) адамдар үшін шығарылған үмбеттің ең қайырлысы болдыңдар. Ізгілікке бұйырып, жамандықтан тиясыңдар, Аллаға сенесіңдер» деп бұйырады. Ізгілікке шақырып, жамандықтан тиып, дін қызметін жасап жүрген имамдарымыздың Алла Тағала өмірлеріне береке берсін!
Егизбаев Алмуханбет
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі