Бетқайнар ауылдық мешітінің имамы Нұрлан Жиенбаевтың ұйымдастыруымен "Берекелі жұма" науқаны жасалды.
Жұма күні әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде 12 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтары салынған сөмке сыйға тартылды.
Іс-шараға жалпы 85 мың теңге қаражат жұмсалды. Балалардың ата-аналары алғыстарын жеткізіп, бүлдіршіндер де шаттанып тарқасты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі


28 Сентябрь 2026
15 Раби-сани 1448

