Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Красный партизан ауылдық "Ар-Рахман" мешітінде жұма намазын өткізді.
Жамағатқа пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейірімділігі жайлы көркем насихат айтып, көпшіліктің көңілін босатты.
Бізге жалғыз үлгі болған адамзаттың асылының мінез-құлқы, өзін-өзі ұстауы, адамдармен қарым-қатынасы, әдеп-ахлақы жайлы уағыз тыңдаған жамағат көкейкесті сауалдарын қойып дәйекті жауаптар алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі