#Қордай: Ихсан ілімінің нәпсі тәрбиесіндегі маңызы түсіндірілді

#Қордай: Ихсан ілімінің нәпсі тәрбиесіндегі маңызы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Нұрбол Дәркембайұлы жамағатқа "Ихсан ілімінің нәпсі тәрбиесіндегі орны" тақырыбында уағыз айтты.

 Имам өз насихатында: "Нәпсі тәрбиесі дінімізде ерекше орын алып, адам баласының ахлағын дұрыстауға маңызды роль атқарады. Нәпсі тәрбиесі жайында Алла Тағала "Хашыр" сүресінің 18-ші аятында былай дейді: "Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне қарасын. Және Алладан қорқыңдар. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі. ("Хашыр",18)". Адам баласы үшін дұшпандардың ішінде ең жаманы шайтан болатын болса, адамның нәпсісі одан да жаманырақ дұшпан болып саналады. Нәпсіміз тәрбиеленбесе, адамдардың ахлағы дұрыс болмаса, түрлі жақсы насихаттардан еш пайда болмайды. Өйткені, барлық жақсылықтардың кеңінен таралуына адам нәпсінің тәрбиесі зор мүмкіндіктерге ие" - деді. 

Жамағат ихсан іліміне, нәпсі тәрбиесіне қатысты мардымды кеңестер алып, рухани біліммен қуаттанып тарқасты.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: