Тараз қаласы «Тектұрмас» мешітіне жаңа имам тағайындалды. Қаланың бас имамы Орынбасар Дауренбеков жұма намазына келген көпшілікке жоғары білімді жас маманды таныстырды. Жиналған көпшілікке уағыз-насихат жүргізген бас имам дінімізде имамға мойынсұну маңызды амал екендігін жеткізді.
Жас маман Сайлаубеков Марат Лесбекович 2005-2008 жылдар аралығында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы «Тараз мемлекеттік университетін» «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2010-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласы «Шымкент медресесін» Исламтану мамандығы бойынша білім алды.
2013-2014 жылдар аралығында Тараз қаласы «Тектұрмас» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
2021 жылдың наурыз айынан бері Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.
Егизбаев Алмуханбет
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.